Текст песни Тамара & Ақылбек - Білмеймін
Білмеймін, білмеймін жанарымнан сыр ұқтың ба?
Әлде сен сол сәтті ұмыттың ба?
Өзің болдың әйтеуір сол күнгі әнім
Көтеріп ап кетіп ем бұлқынбадың
Аймалауыма, аймалауыма құнықтың ба?
Білмеймін, білмеймін құшағымда дір еттің бе?
Алып-ұшып барады жүрек мүлде?
Ойлағым да келмейді ештеңені
Күндіз бе әлде білмеймін кеште ме еді?
Тек ұққаным жаным бірге, жүрек бірге
Өзің болдың әйтеуір сол күнгі әнім
Көтеріп ап кетіп ем бұлқынбадың
Аймалауыма, аймалауыма құнықтың ба?
Сезімімнің, сезімнің қақпасын дара қақтың
Шуағына бойымды аралаттың
Бақыт болып мәңгіге келіп бірге
Ағыл-тегіл сезімді еріттің де
Өзен болып, өзен болып бара жаттың
Өзің болдың әйтеуір сол күнгі әнім
Көтеріп ап кетіп ем бұлқынбадың
Аймалауыма, аймалауыма құнықтың ба?