Текст песни Гимн - Жас Ұлан
Балалар дәстүрін жалғаған,
Қиялы биікке самғаған,
Көшбасы соңында қалмаған,
Қыранбыз қанатын қомдаған.
Қайырмасы:
Жас Ұлан - елімнің ертеңі,
Жас Ұлан - жақсылар өркені,
Қазақстан - кемесі қазақтың,
Жас Ұлан - жайылған желкені.
Таныған ғаламның сырларын,
Жаттаған тарихтың жырларын.
Дені ау ұрпаққа болашақ
Айқара ашады гул бағын.
Бридж:
Ұлы ел кемеңгер бастаған,
Ұлы жер тауларын жастаған,
Қазақстан кемесі қазақтың,
Жас Ұлан шырқалған асқақ ән.
Күш қайраты тасыған
алғыр өскен жасынан
болашағы елімнің жас ұлан мен жас қыран
қиындықтан қашпаған
биік шыңға бастаған
отанымыз Қазақстан ел ордамыз Астана