Текст песни СОҒЫС ӘНІ!!! - Жойылсын соғыс ...
1)
Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген ,
Күректер музейге қойылсын.
Қ-сы.
Кел достарым,
Ән бастадым.
Көтеріп жаңғырып,
Даласын дана .
Баласын ана,
Жоқтамасын мәңгілік.
2)
Көктесін жас ағаш одан әрі,
Өткен күн қайтадан жанбайды.
Сұлудың кестелі орамалы,
Сүртсін тек тершіген маңдайды.
Қ-сы.
Кел достарым,
Ән бастадым.
Көтеріп жаңғырып,
Даласын дана .
Баласын ана,
Жоқтамасын мәңгілік.
3)
Қайғыны білмесін ана жаны,
Қазіргі адамда арман сол.
Әлемнің бар сәби балалары,
Оянсын ұйқысы қанған соң.
Қ-сы.
Кел достарым,
Ән бастадым.
Көтеріп жаңғырып,
Даласын дана .
Баласын ана,
Жоқтамасын мәңгілік.
Жасаған:Іскежанов Арман