Текст песни Жастар театры - Неге, неге

Ақ көңілді, ақ арманым,
Не болып жүр саған жаным?
Қаншама рет ойлансам да,
Құпияңды таба алмадым.

Неге жаным үндемейсің,
Сенсіз күнім, түн дегейсің.
Неге, неге қызғалдақтай,
Ажарланып гүлдемейсің.

Өзің едің айбынымда,
Түсірмеші қайғы-мұңға.
Кел жүзейік, келші құрбым,
Махаббаттың айдынында.

Түсіме де сен кіресің
Сүйем дейсің, сендіресің
Неге, неге сезімімді
Жанбай жатып сөндіресің

Сенсіз атпас, құба таңым,
Сенсіз қалай, гүл атамын.
Жүрегімнің қалауы сен
Жалғыз сені ұнатамын.