Текст песни QARAKESEK x KUAN - Кешір, Ана | vk.com/bagi_qaramusix
Үміті түне алмас, уақыт оралмайды,
Мам, сізге жақындаумын, бірақ бара алмаймын.
Ұлың сағынады әрдайым, жанында сақтайды,
Көңіл алмасады, бірақ сезім таусылмайды.
Менде бар жүрек, мен әкеме тартпадым,
Менде бар жүрек, мен оны кеудемде сақтадым.
Менде бар жүрек, мен оны ешкімге сатпадым,
Менде бар жүрек, мам, менде бар жүрек.
Алда дейм әлі сіздің бақытты күндер,
Осыдан сәл шыдасақ, бәріміз біргеміз.
Әлі күнде жүгіреміз, қызық өмірді сүреміз,
Қолым жетеді бәріне, мен оған сенемін.
Анамның ақ сүтін ақтау – менің парызым,
Қанша тырыссам да, әлі көп қарызбын.
Мам, ұлың сені ұмытпайды, жүрегінде құлыптайды,
Аналық махаббатын сақтайды.
Қ-сы:
Ең жақын адам – өзің, ана,
Өзіңсің салқын тағдырда жылы пана.
Кешірші ұлыңды, ұлың қуды,
Анатайым-ай.
Уақыт зуылдап өтсе де, ұлың ер жетсе де,
Сізге мен сәбимін әлі, бала боп қаламын әрі.
Мен де әке қылдым, мам, сізді әже қылдым, мам,
Көзіңізден тек қуанғанда ақсын тамшы.
Маған кім бере алады аналық жылу махаббат,
Кім бере алады, ойланамын қатты.
Оның жауабын сенің анаң береді нақты,
Бар шындықты айтады жасыра алмай ақиқатты.
Көзден жас тамшылайды,
Сезімдер таусылмайды.
Арамыз суымайды,
Қанша алыстасам да.
Күн өтеді, айлар, жыл мен,
Кім келеді жағдай білуге?
Мам, кешірім сұрайм, артық кетсем,
Менің биікке қолым жетсе, сізге сыйлық алып берсем.
Қ-сы:
Ең жақын адам – өзің, ана,
Өзіңсің салқын тағдырда жылы пана.
Кешірші ұлыңды, ұлың қуды,
Анатайым-ай.