Текст песни Қош бол Алтын ұя мектебім (Минус) - Дулат Муслимов

Іліміңнен нәр алғам,
Сенде өсірдің менде сенің балаңмын.
Білім берген ақ ордам,
Көп қарадым қимай сені барамын.
Қ - сы
Қош бол мектеп алтын ұям ұшып барам мен сенен,
Қош бол достар, қанаттанып самғадық.
Қош бол ұстаз еркелігімді көтерген,
Қош бол мәңгі қайта оралмас балалық.

2.Ақ жол бізге тіледім,
Ұстаздарым қала бердің тағы да
Азық етіп жүрермін,
Ақылың мен біліміңді жаныма
Қ - сы

3.Жаңа өмірді бастадық,
Армандарға аттанайық, достарым.
Алдымызда сан-соқпақ,
Өшпесінші лаулай берсін оттарың!
Қ - сы