Текст песни Акерке - Қимай тұрмын
1.Қоштасар уақыттың жеткені ме?
Сынаптай сағаттың өткені ме?
Сағынып жетермін мектеп саған,
Орманын аңсайды көк бөріде.
Мектеп ол білім мен жырдың кені,
Мектеп ол ғылымның ең үлкені,
Өмірді өзгертіп гүл етеді
2017 түлектері!!
Қайырмасы
Қимай тұрмын,
Қимай тұрмын.
Өз-өзіме сыймай тұрмын
Ұшып барам мектеп сеннен
Ең әдемі сәнімменен
2.Ризамын ұстаздар қауымына,
Мол табыс тілеймін барлығына
Шәкірттер бас иіп алдарыңда
Қарыздар болады әрқашанда
Коштасқым келмейді махаббатпен
Уақыттың талабы қатал әттең
Шығарып салыңдар түлектерді
Ұстаздық ең ұлы махаббатпен
Қайырмасы.
Өңдеген: Кызылорда облысы,Жалағаш ауданы 202 З.Жаркынбаев атындағы орта мектептің 2017 түлегі
Жанәділ Ақерке