Текст песни Бекзатхан - Туған жер
Туған жер ыстық әрқашан,
Мен бүгін аңсап ән салам.
Жүректен атқан жалындай,
Арнадым саған әнімді-ай, жырымды-ай.
Ахоу, елім-ай,
Туып-өскен жерім-ай.
Топырағы тартады-ай,
Алыстағы мені-ай, елім-ай.
Алыста аққу маралы,
Сағынып әнге салады.
Ағынды судың дариясы-ай,
Ақсақал ауыл қариясы-ай, дариясы-ай.
Ахоу, елім-ай,
Туып-өскен жерім-ай.
Топырағы тартады-ай,
Алыстағы мені-ай, елім-ай.