Текст песни QARAKESEK x BaGi - Ақтөбе қаласында [KZ Sound]

[id327151211|Дания], Қайталанып бәрі, қайталадық тағы,
Жаныңнан ары кетсем, жаныңды жұбататын кім?
Ол кім, ол кім, ол кім?
Оның қасында өтіп жатыр ма түнің?
Мені ойлама, мен сені ойласам да, жаным,
Жанарың қаратпайтын болды, мәңгі жалын.
Жүрегіңде қалам ба,
Қал десең, қалам, - сен қаласың ба?

Ақтөбе қаласында тоңып барасың ба,
Сағынышымды көздеріңнің қарасында.
Бақытың менде болса, менімен барасың ба?
Арманың орындалатын әлі күнің келер,
Таңдарың әлі бақыттың гүлін берер.
Артынан өлім келер,
Жалған жаныңды алдаған.

Тамырында жүректің қос ішектей,
Мұңға толы күйді тек шерткен өзің.
Табиғат бейнелеп сені шын суреттейді,
Түнге тұйық теңеледі сенің көзің.
Айтқан сөзің әлі есімде,
Сөз сүйектен өтеді ғой, білесің бе?
Бермудтың адасып біз жүйесінде,
Батып барамыз «Сезім» кемесінде.
Жылдар жылжып, уақыт тез өтуде,
Көздерім бір қуанышты күтуде.
Алдап кетші оны бір-бір көрініп,
Жанымды жеген мұң қалсын төгіліп.
Екінші жылдың жаңасы сенсіз келді,
Ештеңе шықпас бізден, бұл бір белгі.
Қалайын өткеніңде мен шаң басып,
Келіп жүрме кейін бір адасып.

Шырайлы Шым қаланың қыс келді ауласына,
Қарап жүрші өзіңе, жаным, тоңып қаласың ба.
Өзіңді жек көрсем де, сені ойлап уайымдаймын,
Еркелігі басылмаған мен үшін баласың да.
Шырайлы Шым қаланың қыс келді ауасына,
Қарап жүрші өзіңе, жаным, тоңып қаласың ба.
Өзіңді жек көрсем де, сені ойлап уайымдаймын,
Еркелігі басылмаған мен үшін баласың да.

Ақтөбе қаласында тоңып барасың ба,
Сағынышымды көздеріңнің қарасында.
Бақытың менде болса, менімен барасың ба?
Арманың орындалатын әлі күнің келер,
Таңдарың әлі бақыттың гүлін берер.
Артынан өлім келер,
Жалған жаныңды алдаған.