Текст песни Айкын Толепберген Айқын Төлепберген - Кимаймын Қимаймын

Қимаймын сені өзгеге
Бір қарап өткен көзге де.
Сөзге ере берме, сөзге ере,
Өзгере көрме өзгере.
Жаныңды жаным қинадым,
Жүрегіңе мұң сыйладым.
Көзіңнен мөлдір жас тамса
Өзіме өзім сыймадым.

Жүр жүрегім жанымда,
Жылап күлген шағымда.
Өмірде барымда
Қасымда бол сағынба

Қимаймын сені басқаға,
Қиналып жаным жатса да.
Алыстамасын арамыз,
Сөзімді жерге тастама.
Сендегі сезім мендегі,
Аңыз боп қалсын елдегі
Жаныңда жара қалдырсам,
Кешірші жаным сен мені