Текст песни Яссауи тобы - Опасыз фәни
ОПАСЫЗ ФӘНИ
Қайырмасы:
Лә иләһә илл-Алла,
Илл-Аллада пайда бар, -
Білмеген жанға не айла бар?!
Барар жерің қараңғы,
Шамшырағың сайлап ал.
Опасыз фәни – бұл жалған
Жұтады жуан-жұқаны.
Малыңа сенбе құлданған,
Қурайдың ол бір бұтағы.
Қай жаққа кетті аттанып?
Пікір қыл соны, ау, көп халық.
Жетеді қуып ат-табыт,
Кигізіп жеңсіз лыпаны.
Қайырмасы:
Лә иләһә илл-Алла,
Илл-Аллада пайда бар, -
Білмеген жанға не айла бар?!
Барар жерің қараңғы,
Шамшырағың сайлап ал.
Аңдыма дүние қапысын,
Тірлік қыл Тәңірі хақы үшін.
Жей көрме жанның ақысын,
Қылкөпір ертең тұтады.
Ұл-қызың, досың жорықтас,
Ешбірі жебеп жарытпас.
Жігерлен, сілкін, ғаріп бас,
Ғұмырың желдей зытады.
Қайырмасы:
Лә иләһә илл-Алла,
Илл-Аллада пайда бар, -
Білмеген жанға не айла бар?!
Барар жерің қараңғы,
Шамшырағың сайлап ал.
Құл Қожа Ахмет, тағат қыл,
Ғұмырыңды қай жан санап тұр?
Топырақ пен судан жаратты –
Топырақ қайта жұтады.
Қайырмасы:
Лә иләһә илл-Алла,
Илл-Аллада пайда бар, -
Білмеген жанға не айла бар?!
Барар жерің қараңғы,
Шамшырағың сайлап ал.
Ахмет Ясауи