Текст песни Marhaba Sabi - "Da'm" joq

"Дәм" жоқ.

Ауызда "дәм" жоқ
Күндерде мән жоқ
Алданып жүрген
Демалыстарда да сән жоқ
Ән жоқ
Бойыңда "қан" жоқ
Күйіс те кетті
"Иіс" те бірге жоғалды.

Қ-сы:
Ал, енді не бар?
Көгіңде күн бар
Бойламай жүрген
Тереңде ой бар
Белгісіз жол бар
Себеп пен салдар
Қимайтын қымбат
Кеудеде жан бар
Тек қана сол бар!

Сылдыр су сөз көп
Көрмейтін көз көп
Езілген еңсе
Мезі қылған "мерез" мұң көп
Тым көп
Еленбес үн көп
"Түс екен" әнім
Келсе екен өңімде шын боп.