Текст песни Тоқтар Серіков - Дүние - ай
Баспадым жардың шетін құлай ма деп,
Ішпедім арықтан су лай ма деп.
Қорқамын дос болудан жаманмен,
Тар жерде ертоқымын сұрай ма деп
Қайырмасы:
Қыздар - бұлбұл, жігіт - дүлдүл
Өтіп барады, өмір құрғыр
Ахау арман, дүние жалған
Хәләуләйлім, хәләуләйлім
Жақсылар «жақсымын» деп айта алмайды,
Жамандар «жақсымын» деп айқайлайды,
Жүрген соң бауырыңды күнде көріп,
Таулардың биіктігі байқалмайды!
Қайырмасы:
Өмірден мұңалмассың мендігіңнен,
Атыңды байлармысың белдігінен.
Аяқта аяқ киім тар болса егер,
Не пайда дүниенің кеңдігінен
Қайырмасы:
Ағаштың көзі қара көміріндей,
Мылтықтың бойы түзу теміріндей.
Өткізген жақсыменен жарты сағат,
Жаманның өтіп кеткен өміріндей
Қайырмасы:
Жолықсаң біздің жақтың тентегіне
Өмірдің өкінбейді-ау келтеңіне
Үйдегі жалғыз атын сойып беріп
Жүгені ұстап қалады-ау ертеңіне